Атырау облысы Жылыой ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушылары сабақты далада оқуға мәжбүр. Өйткені білім ордасын ерекше үлгіде жобалаймыз деген сәулетшілер ғимаратқа терезе салмаған. Соның салдарынан оқушыларға ауа жетпей, тыныстары тарылып жатыр. Тіпті кей балалар тура сабақ үстінде естерінен танып құлаған. Осыдан кейін ата-аналардың кейбірі балаларын басқа мектепке ауыстырған.