Түркістан облысындағы тойхана қожайындары тойды жасырын тойлауды доғарып, ресми ашу керек деп талап қойды. Айтуларынша кейбір аудандарда аптасына бес күн той өткізетін тойханалар бар. Оларға тіпті мобильдік топтың да шамасы жетпейді дейді. Сондықтан 150 адамға той жасауға арнайы рұқсат берілу керек деп есептейді.