Сұхбат басында Мұхтар Жәкішев өзінің атом энергетигі емес, ядролық өнеркәсіпші екенін бірден атап өтіп, энергетиканың кейбір қыр-сырларын жете білмейтінін айтты. Оның үстіне оның түрмеде өткізген он жылдан астам уақытында кейбір ақпараттар өзгеріп кетуі мүмкін деп қосты ол. Сондықтан ол көрермендермен өзі білетін ақпаратпен ғана бөлісе алатынын жеткізді.