28 ақпанда Қызылордадағы "Қуатамлонмұнай" компаниясының 150-ге жуық мұнайшысы жұмыстарын тоқтатты. Олар жалақыларын жетпіс пайызға өсіруді талап етуде. Айтуларынша, соңғы он жылдан бері қарапайым жұмысшылардың жалақысы небәрі 4 пайызға көтерілген. Бірақ қымбатшылықтың қарқыны қатты шақта айлығымыз отбасыны жетпейді дейді жиналғандар. Ашуға булыққан жұмысшылар мәселе шешілмесе, компанияның кеңсесінен кетпейтіндерін жеткізді