Елдің түкпір-түкпірін аралап, түрлі семинар-тренингтер өткізіп жүрген психологтан зардап шеккен азаматтардың хатын әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Хаттардың бірінде психологтың ақылы сабағынан кейін көз жұмған қыз бала жайлы айтылған. Жәбірленуші қызының мезгілсіз қайтыс болуына Құралай ханымды кінәлі деп есептейді.