Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны Мыңжасар Шаңқұлов өзін марқұмдар қатарына қосып жіберген Шымкенттегі №1 клиникалық аурухананың мамандарына наразы. Азамат бір жарым жылдан бері өзінің жер басып жүргенін, тірі екенін дәлелдей алмай келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.