Нұр-Сұлтан қаласында 6 ай бұрын әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмған. Оның неден қайтыс болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Марқұмның ата-анасы сараптама қорытындысын ала алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.