Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күн қалды. Бұл күн ата-ана үшін де, білім ордасының табалдырығын енді аттайтын балақан мен үш ай демалыста емін-еркін сайран салып, ендігі мектептегі достарын, сыныптастарын сағынған шәкірт үшін де асыға күткен сәт. Алайда, өткен жылдан бері ырық бермей тұрған коронавирус инфекциясы ата-аналардың ғана емес, оқушылардың да көңілін күпті етуде. Иә, вирус ересек адамдарға қарағанда балаларда жеңіл өтеді. Бірақ, қай ата-ана баласының вирус жұқтырып ауырғанын қаламақ?