"Шадиев мырза 2017 жылы Ұлттық банктің Капитал банкке берген несиесінің кепілгері болған. Менің есімде қалғаны, 20 миллиард теңге несие берілген. 7,4 миллиард теңгені банк қайтарған. Сот шешімімен Шадиев мырзаның қарызы 15,9 млрд теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні ол 1,8 млрд теңгені қайтарды, қарыздың қалдығы 13,9 млрд теңгені құрайды», - деді Пірматов жұма күнгі баспасөз конференциясында.