Алматы облысында 5 қаңтар күні тапа-тал түсте оқ тиіп қаза болған 21 жастағы Олжас Әлімжанұлының денесін жақындары мәйітханадан алып, арулап көмген. Ал 20 қаңтарда онсыз да ұлдарынан айырылып, қайғы жұтып отырған Олжастың ата-анасы жайсыз хабар естіп, есеңгіреп қалды. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасында айтылды.