Өскеменде қоғамдық дәретханалар жайы қызу талқыға түскен. Жергілікті белсенділер алты модульді дәретхананың сатып алынған бағасына наразы. "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорны 24 миллион теңгеден астам сомаға тендер жариялаған. Екі адамға арналған ең қымбат дәретхана бес жарым миллионға бағаланды.