Қаңтар оқиғаларынан кейін барлығы 728 адам уақытша қамау изоляторына қамалған. Ал астанада мұндай күдікке ілінген тек бір ғана адам бар. Ол Алматыда дүкеннен смартфон ұрлап, Нұр-Сұлтанға қашып кеткен. Күдікті сұхбат барысында митингке достарымен "қалжың үшін" барғанын айтады. Осы жерде ол ер адамдармен танысқан екен. Бұдан кейін бейтаныс азаматтар күдіктіні пәтерге алып барып, белгісіз зат ішкізген. Ал пәтерден шыққан соң есін білер-білместен дүкен тонауға барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.