Екі айдан астам уақыт павлодарлық отбасы белгісіз тері астында өмір сүретін паразиттерден зардап көруде. Әйелдердің айтуынша, денесі көпіршіктермен жабылып, содан кейін оның ішінен белгісіз тіршілік иесі шығатын көрінеді. Ал дәрігерлер ешнәрсені түсінбейді, тіпті олар әйелдерді психикалық денсаулығын тексеруге де жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ”Астана” арнасына сілтеме жасап.