"Бұл – императивтік норма, жер, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатысты конституциялық ереженің негізгі бөлімі. Бұның барлығы халыққа тиесілі, сөзсіз солай ғой. Осы норманы енгізіп отыр. Енді, халық, әрбір адам өзі табиғат байлықтарына иелік етіп таратса, хаос пен тәртіпсіздік болады. Сондықтан мемлекет халықтың атынан меншік құқығын іске асырады. Президент те, парламент те халықпен сайланады ғой. Барлық шешім ақылдасып шығарылады. Ең бастысы, мемлекет елдің мүддесін көздеуі тиіс", - деді Әбдірасылов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.