КТК телеарнасының хабарлауынша, көмір қабылдау және жөнелту бекеті тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан. Мемлекеттік инспекторлар тұрғындардың арызы бойынша сан мәрте тексеріс жүргізген. Айыппұл да салыпты. Алайда қыстық отын сатумен айналысатындар айыппұлды төлеп, тірліктерін жалғастыра береді. Сондықтан тұрғындар тынысымызды тарылтқан көмір қоймасы жабылсын деп талап етуде.