Әлеуметтік желілерде Түркістан облысына қарасты Шардара су қоймасында балықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы бейнежазбалар тарады. Онда жағалауда өліп жатқан майшабақтар көрсетілген. Тіпті, кейбірі өлімсіреп, әл үстінде жатқан балықтардың денесінде жаралардың бар екені байқалады.