Былтыр сел жүруі салдарынан екі адам қаза тапқанда байланыс жүйесінің қажеттігі анық сезілді. Бұл өзекті мәселелер қалай шешіліп жатыр? Гүлмира Дәулетқалиева арқа төсінен Жетісу жеріне отбасымен бірге саяхаттап келген. Жол-жөнекей қасиетті мекен – Түркістанда, тарихи қала – Таразда болыпты. Енді, міне, табиғаттың таңғажайыбы – Шарын шатқалын да көрді.