"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қаңтар айындағы қайғылы оқиғадан кейін ел азаматтарының қоғамдық санасын бақылауға алу үшін ақпараттық соғыс басталғанын атап өткім келеді. Ресми органдардың ескертулеріне қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы қасақана жалған ақпарат тарату фактілері орын алуда. Бұл ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты – құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесін әлсірету", - деді Санжар Әділов.