Түркістан облысындағы Құмкент ауылы қу тақырға айналуы мүмкін. Осы маңнан кен өндіріп жатқандар экологияға орасан залал келтіріп жатыр деп арнамызға шағымданған тұрғындар ата қонысты тастап кету қаупі туғанын айтады. Аймақтағы өзен-көл тартылып барады. Халық егін салмақ түгілі ішер судың өзіне жарымай отырмыз дейді.