Шымкенттегі "Тұран-2" шағынауданындағы көпқабатты баспаналардан 7-20-25 бағарламасымен жаңа пәтер алған тұрғындар құрылысқа пайдаланылатын сумен күнелтіп отыр. Себебі, бұл тұрғын үйлер осыдан 3 ай бұрын қолданысқа берілгенімен әлі күнге дейін су, газ жүйелеріне қосылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.