Әлеуметтік желіде Қызылорда өңірі әкімдерінің Жапон елшісін үстелдің сол жағына отырғызып, өздерінің төрге шығып алуын еліміздегі басшы қызметте жүргендердің үйреншікті әдеті деген сарындағы пікірлер жарыса жазылды. Ал облыс пен аудан әкімдері протоколға сәйкес инвесторлармен неге бір-біріне қарама-қарсы отырып, келіссөз жүргізбегендерін түсіндіріп бере алмады. Мұндай ресми кездесулерге жауапты әкім аппаратының жетекшілері де бекітілген ереженің бұзылғанына қатысты жауап берген жоқ. Жергілікті жұртшылық, әкімдердің жұмысы қанша қауырт болғанымен, әкімдік аппаратының жіберген қателігін аудан мен білдей облыс басшыларының байқамағанына масқарадан басқа айтар сөзіміз жоқ деді.

"Сол елдің президенті сияқты": Жапон елшісін дұрыс отырғызбаған Гүлшара Әбдіхалықованың басы дауға қалды
Өмір

































