Алматы облысындағы Қырғауылды ауылының тұрғындары ауыз судың сапасына шағымданды. Айтуларынша, судан құрттар да шығады екен. Себебі жеткізуші суды қарапайым арықтан алып, тазартпастан тұрғын үйлерге жібереді. Тұрғындар бірнеше рет әкімдікке шағымданғанымен, мәселе үшінші жыл қатарынан өз шешімін таппаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.