Түркістан қаласының тұрғыны Мұхаммед Құрбан Ауғанстаннан ең алғашқы атажұртына оралған қандастардың бірі. Оның айтуынша, ауған еліндегі этникалық қазақтарға кепіл болатын елдегі туыстары көп. Ауғанстандағы бала-шағасымен жесір қалған жеңгесінің қилы тағдыры туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.