2022 жылдың қаңтарының басында болған халық наразылықтары мемлекеттік ауқымда шұғыл шешімі табуы тиіс проблемалардың бар екенін айқын көрсетті. Халықтың жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруына, ең алдымен Маңғыстау өңірінде және одан кейін елдің басқа облыстарындағы газ бағасының екі есеге өсуі және өмір сүрудің тым қымбаттауы тікелей ықпал етті.