Түркістан облысына келін болып түскен Насиба Тұрсынбаева өзін айдаладағы алғашқы блогермін деп атайды. 23 жастағы 4 баланың анасы от жағып, мал қарап қырдағы жалғыз үйдің тіршілігін атқарып қана қоймай, кішігірім блогымен де Instagram желісінде көпке танылған. Алыс аймақта тұруым блогер болуға кедергі емес деген ол Stan.kz тілшісіне сұхбат берді.