Түркіменстаннан Маңғыстауға келген қандастарды елден шығарып жіберуі мүмкін. Енді олар өңірден басқа аймаққа көшпейміз деп қарсылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, Маңғыстауда тума-туыстары қоныс тепкен. Сол үшін осында қалып, тұрақтағысы келеді. Алайда әкімдік қандастар үкімет белгілеген аймаққа көшпесе, депортация жасауға мәжбүр болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.