Түркістан облысында шаруалар 380 миллион теңге заңсыз субсидия алған. Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтініш берген кезде жалған мәліметтер толтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.