Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстардан ерлікпен көз жұмғандардың бірі – жедел кезекші Микропуло Александр Николаевич. Ол Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары болған. Марқұмның әйелі Ольга Владимировна күйеуінің өз ісінің кәсіби маманы, қызметіне адал адам болғанын айтады. Қазақстандықтардан жұбайының жалынмен “күресіп”, ерлікпен мерт болғанын есте сақтауды, құрметтеуді сұрайды. Stan.kz тілшісі Александр Микропулоның жұбайымен тілдесіп, отбасына қандай қолдау қажет екенін білді.