Тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған ұлының сүйегін іздеп жүрген Бүркіт Жұбаназаров, полицияның "ұлың террорист, қолында қаруы болды" деген сөзін жоққа шығару мақсатында 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына бейнежазба жолдаған. Онда Русланбек Жұбаназаровқа оқ тиіп, жарақат алған сәті түсіп қалған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.