Өскеменде денсаулыққа арналған өнімдердің тегін көрсетіліміне келген тұрғындар, несиенің құрсауына түсіп қалғандарын айтады. Сөздерінше, алаяққа алданып қалған халық массажға арналған төсенішті миллион теңгеге сатып алған. Енді олар тегін массаждың құнын үлкен қарызбен өтеуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.