20 жастағы Сұлтан Оршабеков эпилепсиялық талмасы ұстап, Алматы облысындағы ауданаралық ауруханаға жеткізілген. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылған ол мұнда күйік жарақатын алған. Сол сәтте науқас ес-түссіз жатқандықтан, оқиғаның қалай болғанын өзі жөнді білмейді. Ал дәрігерлер үстіне ыстық шәйді өзі төгіп алғанын айтыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.