Кәрі әжесі, көзі көрмейтін анасы және екі кембағал ағасымен "үй" деп айтуға келмейтін жерде күн кешіп жатқан төртінші сынып оқушысы Оразымбеттің бар арманы - баспаналы болу. Кешелі бері тоғыз жасар баланың елден көмек сұраған видеосы желіде кеңінен тарап, көпшілікті жылатты.