Космонавтика мамандары ғарыш кемесі экватор бойымен жер шарын 90 минутта айналып шығатынын айтады. Соның ішінде күншығыс елі – Жапонияның үстінен 15 секундта өтсе, Қазақстан кеңістігін бағындыруға бақандай 6 минутын жұмсайды екен. Аспанкөзді орыс пен бітік көзін жыртып ашатын қытайдың сан түрлі айла-әрекет, саяси ойындарынан аман қалып, елдігіміз бен бірлігімізді сақтай алдық. Осынау алып территориямыздың шекарасын бөрі кеуде, бұқа тұмсық батырларымыз қанымен сызып, қары талғанша айқасып, келер ұрпаққа аманаттап кетті.