Индияда тұратын 89 жастағы Джани Прахлад 80 жылдан бері тамақ ішпей өмір сүріп келеді. Ол, тіпті су да ішпейді. Бұлай болуы мүмкін бе? Қазіргі ғылым адамның сусыз, тамақсыз өмір сүретініне сенімсіздікпен қарайды. Соған орай, ғалымдар Джани Прахладты бірнеше мәрте арнайы зертханада тексеруден өткізген. Бірақ, үндістандық тамақсыз өмір кешетін азамат өзінің шынында да ештеңе ішіп-жемейтінін іс жүзінде дәлелдеген.