Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты елдімекенінен кішкентай бала ойнауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Бала боранды түнде далада қалған. Қақаған қыста үйір жылқы баланы қоршап, түннен аман алып шыққан. Бұл оқиға жайында Еңбекшінің тұрғыны Ұлдан апа айтып берген. Ол – кезінде жоғалған бала Асхаттың сүт анасы.