Түркістанда туған Нәзира Рүстемова да қатардағы көп баланың бірі еді. Алайда оның тағдыр жолы көптен ерек бір соқпақпен жүргізді. Төрт жасында ұйқыға кеткен бүлдіршін, араға 16 жыл салып бойжеткен кейпінде оянады. Тылсымға толы жағдаят ғылыми тілде летаргиялық ұйқы деп аталады.