Уйкипедияда өлім деген адам ағзаларының биологиялық және медициналық жағынан жұмысын толық тоқтатуы деген түсінік берілген. Медицина ғылымында өлімді танатология деген сала зерттейді екен. Жердің асты мен үстін, ғарышты түгел зерттеп жатқан ғылым адам өліміне соншалықты үлкен мән беріп, арнайы зерттеулер жүргізбейді. Бұның өзі өлім деген құбылыстың ғылым үшін жұмбақ, құпия болып қалуына ықпалын тигізуде. Дәстүрлі діндердің өлім туралы түсінігі ғылымға қарама-қайшы болғанымен, нақты тәжірибе мен айғаққа негізделгһмеген, көбіне ертегі-аңыздарға ұқсап кеткендіктен болар, бүгінгі адамдардың көбі оған сене қоймайды.