Еліміз бойынша ең қарт дауыс берушілердің бірі – Түркістан облысы бәйдібек ауданында тұрады. 107-де жастағы Күміс Көшкінбаева саяси науқаннан қалыс қалған жоқ. Алмалы ауылының тұрғыны өз таңдауын жасап, елдің амандығын тілеп, батасында берді. Үміт етіп, батасымен ықылас қылып отырған анамыздың жасы дәл бүгін 107-ға толған. Күміс Көшкінбаева Бәйдібек ауданыныан 60 шақырым қашықтықтағы Алмалы ауылында тұрады. Елдегі әр жаңалыққа елең етіп, көзінің нұры тайса да, көкірегі ояу , көңілі зерек. Сүйегі асыл кейуана ұрпағының бай-бақуатты тірлік кешкенін армандайды. КҮМІС КӨШКІНБАЕВА - АЛМАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Ел аман жұрт тыныш болсын......... Ғасырдан артық жасаған кейуананың ауылдастары да бүгін ерекше белсенді болды. Соңғы әкім сайлауында дәл осы Алмалы ауылы тұрғындарының 90 пайызы қатысып, Бәйдбек ауданы бойынша көш бастаған еді. Айта кетейік Әжейдің 64 немересі мен 124 шөбересі бар. Ал кенже ұлы 60ты алқымдаған азамат. Ал кейуананың ұзақ өмір сүруіне кенже ұлының келіні сеп болған деседі. Шаңыраққа келін болып түскеніне 35 жылдан асыпты. Жалпы облыс бойынша 1 млн астам азамат дауыс беру құқығына ие. Бүгінгі айтулы оқиғада еңсесін тіктеп, болашаққа үмітпен қараған жаста жасамыс та тарихи таңдау жасады.