Түркістанда «125 High school» жекеменшік мектебі алғашқы түлектерін шығарды. Білім ошағында биыл 70-ке жуық түлекке аттестат тапсырылды. Олардың 4-еуі "Алтын белгіге" бітірсе, 16 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Түлектердің оқу ордасына деген қимастық сезімін тыңдап қайтқан тілші материалдына кезек берсек! Білімді брендке, тәрбиені трендке айналдырған Түркістан қаласындағы «125 High school» мектебін 68 оқушы тәмәмдады. Оқу ордасы білім алушыларын тек өзі таңдаған пәні бойынша жүйелі түрде оқытады. Түлектер осы ерекше әдістің жемісін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінен көріп жүрміз дейді. Солардың бірі - Аида Оралова. Мектеп Президенті атанған бойжеткен өз мектебінің ерекшеліктеріне тоқталды. АИДА ОРАЛОВА АЛТЫН БЕЛГІ ИЕГЕРІ : Ұл-қыздарының жетістігіне марқайған ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Олар балаларының ой-өрісі кеңейіп, оқуда да озат болуға қосқан үлесі үшін мектеп ұжымына алғыс білдірді. ЗАМИРА ЖОРАБЕКОВА АТА-АНА Жалпы бұл мектепте 180-нен астам оқушы білім алады. Арасында республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, түрлі байқаулардың жүлдегерлері бар. Оқушылар мұнда тек 10-шы, 11-ші сыныптарда ғана қабылданады. 125 High school алғаш 2011 жылы оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын орталық болып құрылған. Содан бері 12 жылда мыңдаған оқушы еліміздің ғана емес, шетелдегі таңдаулы оқу орындарына грантқа түскен. Бір жылда білім деңгейін шыңдаған түлектерге мектеп директоры ақ жол тіледі. СМАЙЛ АБИБУЛЛА-«125 INTERNATIONAL HIGH OF TURKESTAN» МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Бас ғимараты Таразда орналасқан бұл мектеп Түркістан қаласынан бөлек, еліміздің басқа да өңірлерінде 15 қаласында ашылған. Бірақ барлығына ортақ бір нәрсе бар, ол - сапалы білім, білікті маман, үздік нәтиже.