Қазақстандықтар 13 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының таратқан хабарламасында барлығы 9 мың адам осындай шешім қабылдаған. Басым бөлігі – Алматы қаласының тұрғындары. Олар 5 млрд теңгеден астам қаржыны жеке компанияларға сеніп тапсырды. Елордалықтардың салым сомасы бұдан екі есе аз. Маңғыстау мен Атырау жұртшылығы 600 млн теңге жинағын аударған. […]