Жыл басынан бері 57 қазақстандық колледж 133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаны қайтарды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, оқытуы сапа стандарттарына сай келмейтін, кадр даярлауға жағдай жасалмаған немесе нарықта сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша лицензиялардың күші жойылды. «Оқу-ағарту министрлігі колледждердің профилі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл техникалық және кәсіптік білім […]