Түркістандық 14 жасар оқушы қыз домбыра жасайды. Келес ауданы N47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Кәусар Сүндетқұл жас кезінен еңбекқор. Көп балалы өнерлі отбасында өсіп жатқан Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды. – Менің атам 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. Атамның кішкентай кезінен қасында жүріп, жасаған заттарына […]