Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйінің есіктерін бұзып, үстел үстінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі14 миллион теңгеге жуық. Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, ұрыларды іздестіруге кірісті. Қылмысты ашуға тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы […]