Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірде балық шаруашылығына қолдау көрсетілуде. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова тауарлы балық шаруашылығын дамыту мақсатында Келес, Шардара аудандарында балық шаруашылығымен айналысатын және жаңадан шаруашылық ашып, балық өсіруге қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен кездесті. Іссапар барысында Келес ауданы, Ақтөбе ауыл округінде орналасқан «Жанель» шаруа қожалығында […]