Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің бүлдіршінді аяусыз жұлқылаған видеосы тарады. Оқиға 21 ақпан күні Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. 1,5 жастағы баланың анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап, кейін құзырлы органдарға шағымданған. Болған оқиға бойыша полиция қылмыстық іс қозғады. «Полиция Түркістан балабақшасындағы баланы ұру дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар […]