Шымкентте 15 жастағы жасөспірім көз жұмған пиццерияның иесіне қатысты сот үкімі шықты. Пәкістан азаматы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, бір жарым жылға сотталды. Алайда, айыпталушы бірнеше ай бойы уақытша қамауда болғандықтан, сот залынан босатылды. Іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта ашық тәртіппен қаралды. 15 жастағы Ақару Құралбай жұмыс істеген пиццерияның иесі, […]