Шымкентте 1500-нан астам қаңғыбас ит-мысық кастрациядан өтпеген, стерильденбеген. Оған себеп мемлекеттік сатып алу арқылы жеңімпаз анықталмаған. Бұл туралы ветеринария бөлімінің басшысы айтты. Іс-шара тоқтап тұрғандықтан, 1500-нан астам қаңғыбас жануар панажайда жатыр. Шымкентте жыл басынан бері 1000-ға жуық баланы ит қауып, дәрігер көмегіне жүгінген. Ал қаңғыбас иттен зардап шеккен тағы мың ересек адам ауруханаға қаралған. […]