Шымкентте жыл басынан бері қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің қадағалауымен 17 кәсіпорында 1200-ден астам жұмыскердің жалақы қарызы өтелді. Жұмыс берушілердің жалпы еңбекақы қарызы 200 миллион теңгеден астам қаржыны құраған. Бұл туралы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысында […]