Демалыс күндері Шымкентте балалармен байланысты екі жазатайым оқиға орын алды. Жедел медициналық жәрдем қызметінен 2022 жылдың 23 шілдесінде сағат 22-30-да жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы баланың қаңқалы бассейнге құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын алабында Сығанақ көшесінде орын алды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы ауыр, […]