9-10 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Іс-шарада Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен полицияның басқа да құрылым салаларының қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетті. Акцияға келушілер, өздерінің полицияға қатысты мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін алдын ала жазылусыз, әрбір аудан, қаладағы полиция бөлімдері мен басқармаларының жанынан ашылған азаматтарды қабылдау бөлмелерінде келіп жеткізді. […]